Жаңалықтар тізбегі
0

Пхеньян қаласы жедел респираторлық инфекцияның өршуіне байланысты карантинге жабылды

Солтүстік Корея, коронавирус, тұмау, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 14:23 Сурет: pixabay
Пхеньяндықтар үйден шықпай, дене қызуын үнемі тексеріп тұруы керек. Бұл қалада соңғы сегіз айда алғаш рет карантин шектеуң енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Корея билігі сәрсенбіден бастап Пхеньян қаласының тұрғындарына бес күндік карантин режимін енгізуді бұйырды. Бұған жедел респираторлық аурулардың көбеюі себеп болып отыр, деп жазды NK News.

Пхеньяндықтар тауар мен дәрі-дәрмекті жаппай сатып ала бастады.

Ел билігі қазір астанада кәдімгі тұмау кең таралып жатқанын мәлімдеді, бірақ COVID-19 туралы ештеңе айтылмайды.

Өткен тамыз айында Солтүстік Корея елде COVID-19 вирусы толығымен жойылғанын хабарлады. Соңғы рет карантин 2022 жылғы мамырда енгізілді, ол екі аптадан астам уақытқа созылды.

Билік сонымен қатар COVID-19 індеті туралы қауесет таратып, тапшы дәрілерді заңсыз жолмен сатуға тырысқандар өлім жазасына кесілетінін ескертті.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: