Шығыс Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды
Сурет: pixabay
Израиль қорғаныс әскері Шығыс Иерусалимдегі Нева-Яаков кварталында синагогада оқ жаудырған террористтің ата-анасын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Израиль қорғаныс күштері лаңкестің ата-анасын тұтқындады және қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң оның Шығыс Иерусалимдегі үйін қоршап алды", - делінген Jerusalem Post басылымында.
Кейінірек полиция синагогаға жасалған қарулы шабуылға қатысты 42 адамның ұсталғанын хабарлады.
Айта кетсек, бұған дейін Иерусалимнің шығысындағы Нева-Яак кварталындағы синагогада әлдекім оқ жаудырып, 7 адам қаза тапқаны, тағы 10 адам жарақат алғаны хабарланған. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 21 жастағы террорист өзі жалғыз әрекет еткен, оның көзі жойылды.
Қаскүнем ХАМАС радикалды тобының мүшесі болып шықты. Бұл топ аталған шабуылды қаза тапқан палестиналықтар үшін кек алу әрекеті деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті Джо Байден Иерусалимдегі терактіні өркениетті әлемге жасалған шабуыл деп атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript