АҚШ әскері Таяу Шығысқаатом сүңгуір қайығын жіберді
"Огайо" класындағы сүңгуір қайық жексенбі күні АҚШ Орталық әскери қолбасшылығының жедел жауапты аймағына келіп жетті. Бұл жөнінде АҚШ-тың Орталық әскери қолбасшылығы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
On November 5, 2023, an Ohio-class submarine arrived in the U.S. Central Command area of responsibility. pic.twitter.com/iDgUFp4enp
— U.S. Central Command (@CENTCOM) November 5, 2023
"2023 жылғы 5 қарашада "Огайо" класындағы сүңгуір қайық АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аймағына келді", – делінген хабарламада.
Жақында Пентагон Таяу Шығысқа қосымша 300 әскер жіберетінін мәлімдеген. Сонымен қатар аймаққа"Дуайт Эйзенхауэр" авиатасымалдағышы бастаған соққы беретін топ келді. Оның құрамына флагман авиатасымалдаушы, басқарылатын ракеталық крейсер, эсминецтер және тоғыз авиациялық эскадрилья кірді.
"Огайо" класындағы сүңгуір қайық – америкалық стратегиялық атомдық суасты қайықтарының үшінші буын сериясы. "Огайо" класындағы қайықтар АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы ядролық күштерінің негізі болып саналады.