Қазақстан сейсмологтары магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан сейсмологтары магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2024 15:07 Сурет: wikimedia
Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.
  • Магнитудасы - MPV 5.3.
  • Тереңдігі - 5 км.
  • Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ

Бұл - біздің сейсмологтар кейінгі 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: