Малайзия пальма майын сатып алатын елдерге орангутанды сыйлыққа беруді жоспарлап отыр
Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елі пицца мен печеньеден, ерін далабы мен сусабындарға дейін супермаркеттерде оралған тауарлардың жартысынан көбінде кездесетін, әлемдегі екінші ірі пальма майын өндіруші болып табылады. Пальма майына деген әлемдік сұраныс Малайзия мен көршілес Индонезиядағы ормандардың жаппай кесілуіне алып келді деп наразылық тудыруда.
Малайзияның плантациялар және тауарлар министрі Джохари Абдулании әлеуметтік желілерде ел осы әрекет арқылы өзінің ниетін көрсетеді деп мәлімдеді.
"Біз әлем елдеріне Малайзияның майлы пальма ағаштарының тұрақты өндірушісі екенін және ормандарды қорғауға және экологиялық тұрақтылыққа ұмтылатынын көрсетуіміз керек".
"Орангутандарды ЕО, Қытай және Үндістан сияқты сауда серіктестеріне беру "әлемдік қауымдастыққа Малайзияның биоәртүрлілікті сақтауға дайын екенін дәлелдейді", - деді министр бұл стратегияны Қытайдың "панда дипломатиясымен" салыстыра отырып.
Панда-дипломатия (панда дипломатиясы) — ҚХР шет мемлекеттермен қарым-қатынас орнату және басқа да халықаралық міндеттерді шешу үшін қолданатын жария дипломатия құралы; Ел үлкен пандаларды "дипломатиялық сыйлық" ретінде береді.
Малайзия өткен жылы ормандарды кесуге байланысты тауарларды импорттауға тыйым салуды мақұлдаған ЕО қысымына тап болды. Бұл әрекетті ел заңды кемсітушілік деп сынға алды.
Борнео аралының эндемигі борней орангутаны халықаралық табиғатты қорғау одағының жойылып кету қаупі төнген тізіміне енгізілген.
100 жыл бұрын орангутандардың жалпы саны 230 мыңнан асқан деп есептеледі, қазір олардың саны шамамен небәрі 104 700.
Ұқсас саяси технологиялық әдістерді көптеген мемлекет басшылары бір-біріне әртүрлі жануарлар сыйлай отырып, белгілі бір дәрежеде қолданады. Негізінен ел басшылары шетелдік әріптестеріне ит сыйлайды. Мәселен, ақпан айында Тоқаев Франция президентіне тазының екі күшігін жіберді.