Еуропаның бірнеше елін су басты
Бельгиядағы Воерен муниципалитетін су басты. Сенбі күні кешке Бервийн өзені нөсер жаңбырдан кейін кенерінен асып, тасыды, деп жазады Euronews.
Тұрғындар су тасқыны кезінде түсірген видеоларымен әлеуметтік желіде жаппай бөлісіп жатыр. Батыс БАҚ-тары таратқан бірқатар видеоларды өз назарларыңызға ұсынамыз.
Бельгия
Қазір су деңгейі төмендеп, көшені тазарту жұмыстары басталған. Бірақ 500 отбасы әлі де жарықсыз отыр.
#May 17, 2024#Belgium #Flood
— Inna Solovei (@solovushka_i) May 18, 2024
These are the worst floods since 2021 in the province of Liege. People were evacuated from the roofs of their houses. The railway service has been interrupted #globalcrisis #responsibility pic.twitter.com/gVRE7mwlU7
Франция
Төменгі Рейн департаментінде бейсенбінің кешінде басталған жаңбыр әлі толастамай тұр. Мозель аймағында тасыған су көлікті ағызып әкетті. Өзен кенерінен тасып, ағыс өте күшті болды. Сондай-ақ, Димеринген қаласының орталығы Сент-Авольдты да су басты. Саверннің маңындағы су деңгейі әлі көтеріліп жатыр.
#BREAKING #France Floods reported in Lorraine, France. pic.twitter.com/kuhmdREIFf
— The National Independent (@NationalIndNews) May 18, 2024
#Watch
— The World Monitor (@tworldmonitor) May 18, 2024
Floods in France pic.twitter.com/WQdkl18ZO0
Германия
Германияның оңтүстік-батысындағы Саар елдімекені су астында қалып кетті. Әлеуметтік желідегі видеолардан жедел жәрдем қызметкерлерінің жергілікті тұрғындарды қайықпен қауіпсіз жерге тасымалдап жатқанын көруге болады.
Germany‼️
— Truthseeker (@Xx17965797N) May 18, 2024
Floods in the German state of Saarland,on the border with France and Luxemburg pic.twitter.com/9OluhZwcXX
Ауғанстан да су тасқынынан зардап шекті. Елдегі соңғы нөсер жаңбыр кем дегенде 50 адамның өмірін қиды. Өткен аптада БҰҰ Азық-түлік агенттігі Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған табиғи апаттан 300-ден астам адам көз жұмып, мыңдаған үйлер қирағанын хабарлады, негізінен 10 мамырда су тасқынынан қатты зардап шеккен Солтүстік Бағлан провинциясы болды.
Су тасқынынан Бразилия да зардап шекті. Бұл елде су тасқыны құрбандарының саны 113 адамға дейін жетті.
Су тасқыны Қазақстанға да әсер етті: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат деп атады. Қазақстан құрбандардың көп болуына жол бермеді: Құлсары қаласында үйлерін тексеруге кеткен төрт адамның, сондай-ақ Петропавлдағы су басқан үйден бір адамның денесі табылды.