Жаңалықтар тізбегі
0

"Дневник памяти" фильмінің актрисасы Джина Роулэндс қайтыс болды

"Дневник памяти" фильмінің актрисасы Джина Роулэндс қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 10:47 Сурет: "Дневник памяти" фильмінің үзіндісі
94 жасында американдық актриса Джина Роулэндс қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TMZ порталы жазғандай, ол 14 тамызда американдық Индиан-Уэллстегі (Калифорния) үйінде қайтыс болды. Өлімнің нақты себебі белгісіз, дегенмен оның ұлы бұған дейін актрисаның соңғы бес жыл бойы "Альцгеймер" ауруымен күресіп келе жатқандығын айтқан болатын.

Айта кетейік, 1999 жылы Роулэндстің анасы дәл осы аурудан қайтыс болған. Ал 2004 жылы танымал болған "Дневник памяти" фильмінің премьерасы кезінде Джина "Альцгеймер" ауруымен күрескен кейіпкердің рөлін сомдау, оған қиын болғанын айтты. Оның бірден-бір себебі, жақын адамы осы ауруды бастан кешкендіктен деп түсіндірді ол. 

Роулэндс "Дневник памяти" (The Notebook, 2004), "Ночь на земле" (Night on Earth, 1991) және "Персиполис" (Persipolis, 2007) фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. "Женщина не в себе" (A Woman Under the Influenc, 1974) және "Глория" (Gloria, 1980) фильмдері үшін ол "Оскар" номинациясын алды.  "Двойная жизнь Бетти Форд" (The Betty Ford Story, 1987) фильміндегі рөлі үшін Роулэндс "Алтын глобус" сыйлығымен марапатталды. 2015 жылы ол кинодағы ерекше қызметі үшін "Оскар" сыйлығын алды.

12 тамызда Пәкістандағы ең биік таулардың бірінде белгілі альпинист көз жұмды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: