Түркиядағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Пожар на складе, пожар на складских помещениях, горящие склады, горящие складские помещения, тушение складов, пожарные, пожарный, пожарная служба, огонь, возгорание складских помещений, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 09:53 Фото: Zakon.kz
Түркияның батысындағы Алиага қаласындағы Tüpraş мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

A-haber телеарнасының мәліметінше, оқиға Астана уақытымен сағат 22:00-де кәсіпорынның мұнай қыздыру пешінде болған.

Нақтыланғандай, шикі мұнай өңдеу қондырғыларының бірінде өрт болды, қондырғы тоқтатылды.

.

"Өрт сөндірілді. Оқиға салдарынан қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. МӨЗ-дің басқа қондырғыларындағы жұмыстар жалғасуда", — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың себебі анықталуда.

Бұған дейін Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, өртеніп кеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: