"Ғимараттар қирады". Тибетте қатты жер сілкінісі болып, 52 адам қаза тапты
Сурет: Indiana university
Синьхуа агенттігінің мәліметі бойынша, тағы 62 адам зардап шекті.
Бұған дейін Қытайдың орталық теледидары тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлаған. Табиғи апаттан көптеген ғимараттар қирады. Билік іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Апат аймағында халықты эвакуациялау басталды.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 9:05-те (Астана уақыты бойынша 6:05-те) тіркелді. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 баллды құрады. Қытайдың сейсмикалық орталығы жер тербелісі магнитудасын 6,8 деп бағалады. Зілзала эпицентрі Тибеттің халық ең көп қоныстанған екінші қала - Шигадзеден 163 шақырым қашықтықта болды. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
WATCH: At least 32 people have been killed after a powerful earthquake struck a remote region of Tibet on Tuesday morning, according to Chinese state media, with tremors felt in neighboring Nepal and parts of northern India. pic.twitter.com/mU4dQ2Pymf
— World Times (@WorldTimesWT) January 7, 2025
Динжи округінің тұрғындары қатты жер сілкіністерін сезінді. Салдарынан көптеген ғимараттар құлады. Жер асты дүмпулері Непалда, Үндістанда, Бутанда және Бангладеште де сезілді.