Бразилия жағажайына ішінде жолаушылары бар ұшақ құлады
G1 басылымының ақпаратынша, тек ұшқыш көз жұмды.
"Шағын ұшақ Сан-Паулу жағалауындағы Убатуба әуежайындағы ұшу-қону жолағынан өтіп, Прая-Ду-Крузейрода жарылды. Ұшқыш қаза тапты", — деп жазды портал.
Төрт жолаушы, оның ішінде екі бала құтқарылды. Сонымен қатар, құлаған жерде болған үш адам жарақат алды.
Алайда кейбір БАҚ өкілдері екі адамның қайтыс болғанын жазды.
Cessna 525 #Citation, PR-GFS,crashed in #Ubatuba airport, São Paulo, landing on runway 09, which is around 3000 ft long.
— Eli Zusman (@muki46) January 9, 2025
The pilot and 2 passengers were killed, 4 passengers were rescued alive. 3 persons on the ground were injured. pic.twitter.com/m6p2NWB97W
Апаттың себептері туралы әлі ақпарат жоқ.
A plane has crashed on Ubatuba beach in São Paulo, Brazil. According to the São Paulo Fire Department there were 5 people on the aircraft. Two adults and two children were rescued alive. pic.twitter.com/IUMbiyJ8qr
— Volcaholic 🌋 (@volcaholic1) January 9, 2025
Бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтың туыстарының Үкіметке көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтқаны хабарланған болатын.