Кепілден босатылған Израиль азаматтары жақындарымен қауышты

Кепілден босатылған Израиль азаматтары жақындарымен қауышты , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 11:16 Сурет: X(Twitter)/@IDF
Хамас кепілге алған үш қызды босатты. Олар отбасымен табысып, артынша медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Цахалдың баспасөз қызметі өздерінің Telegram арнасында мәлімдеді.

"Кепілден босатылған үш қыз аналарымен бірге ауруханаға жеткізілді, онда олар қалған жақындарымен қайта қауышып, медициналық көмек алады", – делінген ақпаратта.

Times of Israel басылымының дерегінше, қыздар Израильдің орталық бөлігіндегі Рамат Ган қаласының Тель-А-Шомер ауданындағы "Шиба" медициналық орталығына жеткізілді.

Айта кетейік, 471 күн тұтқында болған Роми Гонен (24 жаста), Эмили Дамари (28 жаста) және Дорон Штайнбрехер (31 жаста) "Қызыл крест" халықаралық ұйымына тапсырылған болатын.

Бұл ретте Израиль келісім бойынша 90 Палестина азаматын түрмеден шығарады.

Бұған дейін Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты доғару туралы келісім өз күшіне енгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: