Еуропада Украина бойынша тағы бір шұғыл саммит өтпек

Еуропада Украина бойынша тағы бір шұғыл саммит өтпек , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 09:47 Сурет: Х/EU_Commissio
Еуроодақ басшылары Брюссельде Украина мен Еуропадағы қорғаныс бойынша кезекті шұғыл саммит өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы ЕО кеңесшісі Антонио Кошта 23 ақпанда өзінің Х парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, саммит 6 наурызға жоспарланған. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе, Украина жағдайы мен Еуропадағы қорғаныс қауіпсіздігі.

"Мен 6 наурызда Еуроодақ басшыларын жинап, кеңес өткізуге шешім қабылдадым. Біз қазір Украина және Еуропадағы қауіпсіздік бойынша шешуші сәтті бастан өткерудеміз",- деп жазды саясаткер.

Кошта кеңес кезінде келесі мәселелерді шешуге дең қойылатынын атап өтті.

  • еуропадағы қорғанысты нығайту;
  • құрлықтағы бейбітшілікке шешуші үлес;
  • Украинадағы қауіпсіздік кепілдіктері.

Ол сондай-ақ Еуроодақ басшысы Урсула фон дер Ляйенмен және ел басшыларымен 6 наурызда шешім қабылдауға дайын болу үшін жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Алғашқы шұғыл саммит 17 ақпанда Парижде Франция президенті Макронның бастамасымен өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: