Иранда сот ғимаратына лаңкестер шабуыл жасап, бес адам қаза тапты

Иран, сот ғимараты, лаңкестік, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 17:44 Сурет: Х/PresstvExtra
Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында сот кеңсесіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fars агенттігінің хабарлауынша, содырлар бейбіт тұрғындарға да ретсіз оқ жаудырған. Опат болғандардың арасында бір әйел мен жаңа туған сәби де бар.

"Оқыс оқиға барысында үш лаңкестің көзі жойылды. Бірқатар азаматтар мен олардың мүлкіне залал келді", делінген агенттіктің хабарламасында.

Кейбір жаралылардың жағдайы ауыр екені де айтылады. Куәгерлер қаскөйлердің алдымен ғимарат ішінде оқ жаудырғанын жеткізген.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастаса, мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: