Қытайда жаңа вирустың таралуына байланысты жаппай шектеулер қайта қолға алынып жатыр
Сурет: pixabay
ABC News-тің хабарлауынша, 10 миллионнан астам тұрғыны бар Фошань қаласында аурухана төсектерінде жатқан науқастардың бетін москит торларымен жауып қойған.
Жергілікті билік, әзірге ауру жұқтырған адамдардың дерті жеңіл жүріп жатқанын және науқастардың 95%-ы бір аптаның ішінде ауруханадан босап шығып жатқанын хабарлайды.
Чикунгунья вирусы тістеуік тұқымдасының масаларының шағуы арқылы берілетін тогавирустар тұқымдасының Alphavirus арбовирусы болып табылады. Одан дене қызуы көтеріліп, буындар қатты ауырады, оның үстіне бұл белгілер бірнеше жыл бойы жүріп алуы мүмкін. Вирустың адамнан адамға жұқтырпайтыны белгілі.
Әлеуметтік желіде аймақта масаларды жаппай улау шаралары жүргізіліп жатқаны айтылады. Дрондардың көмегімен олар қаладағы қозғалыс тәртібін бақылауда.
🚨🇨🇳 China Hit by Worst Chikungunya Outbreak Ever – 7,000+ Infected
— Your Views Your News (@urviewsurnews) August 6, 2025
In Foshan, Guangdong, thousands suffer high fever, rash & joint pain
🔴COVID-style lockdowns return
🔴Quarantine in mosquito-netted beds
🔴Mass spraying, drone inspections#China #dexmarket #Sismo #Karachi pic.twitter.com/2aycj5DnYq
Бұған дейін Трамп Ресей мұнайына байланысты Үндістанға 25 пайыздық баж салығын салғаны хабарланған.