Армения мен Әзербайжан АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қояды – Трамп

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 11:55 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 тамызда Ақ үйде Әзербайжан басшысын және Армения премьер-министрін "тарихи бейбітшілік саммиті" аясында қабылдайтынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Трамптың айтуынша, бұл тарихи саммит екі ел арасындағы көпжылдық қақтығысқа нүкте қоюы тиіс.

Вашингтон сондай-ақ "Оңтүстік Кавказдың әлеуетін ашуға көмектесетін" экономикалық мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану үшін екі елмен екіжақты келісімдерге қол қояды.

2025 жылғы наурызда Баку мен Ереван бейбітшілік келісіміне қол қою туралы уағдаласты. Алайда ол бірнеше ай бойы қол қойылмай тұр.

Пашинян мен Әлиев 10 шілдеде Абу-Дабиде келіссөз өткізді. Кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылды, ол бастапқыда делегациялар деңгейінде өтті, кейін жеке жүздесу форматында жалғасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: