Қытай жаңа энергетикалық технологиялар мен жабдықтар саласында әлемдік көшбасшы атанды

Қытай жаңа энергетикалық технологиялар мен жабдықтар саласында әлемдік көшбасшы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 11:50 Сурет: pixabay
Қытай жаңа энергетикалық технологиялардағы көшбасшылығын нығайтты. Қазіргі таңда әлемдік патенттердің 40 пайыздан астамы осы елдің үлесіне тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

CGTN дерегінше, Қытайдың Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Ван Хунчжи 14-бесжылдық (2021–2025) кезеңінде ел бірнеше әлемдік рекорд орнатқанын айтты – фотоэлектрлік түрлендіруден бастап теңіздегі жел қондырғыларының қуатына дейін, сондай-ақ жаңа энергия сақтау жүйелерінің ауқымы бойынша бірінші орынға шыққан.

Соңғы төрт жылда Қытайдағы энергия тұтыну алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда бір жарым есе жылдам өскен. 2024 жылы электр энергиясын өндіру 10 триллион киловатт-сағаттан асып, әлемдік көлемнің үштен бірін құрады. Елде сонымен қатар ең ірі электркөліктерге арналған қуаттау инфрақұрылымы құрылды: әрбір бес көлікке екі қуаттау құрылғысы сәйкес келеді.

Қытайдың басты бағыты – "жасыл" энергетика. Бұл саладағы жаңартылатын көздердің үлесі 40 пайыздан 60 пайызға дейін өсті, қазір онда тұтынылатын әрбір үшінші киловатт-сағат жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі.

Осы кезеңде ел экспорттаған жел және күн қондырғылары өзге мемлекеттерге шамамен 4,1 млрд тоннаға көміртек шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берді. Бұл жаһандық төмен көміртекті даму жолына қосылған маңызды үлес болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: