Португалия астанасында фуникулер рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырады – қаза тапқандар бар
Сурет: бейнежазба скриншоты
Туристер арасында танымал Лиссабондағы Gloria фуникулері рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырады. Кейбір шетелдік БАҚ үш адамның қаза тапқанын жазып жатыр, алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Arab News басылымының мәліметінше, шамамен 20 адам зардап шеккен.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнелерде Лиссабон қаласындағы төбе баурайымен жоғары-төмен жүретін, трамвайға ұқсас фуникулердің қатты бүлінгені көрінеді.
"Қазіргі таңда бірнеше адамның жарақат алғанын растай аламыз. Қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге жоқ, біз енді ғана оқиға орнына жеттік", – деді Лиссабон қаласының өрт сөндіру қызметінің ауысым жетекшісі Паулу Соуза.
Portuguese capital Lisbon’s iconic Gloria Funicular derailed, killing at least three people and injuring 20, according to local reports.#Lisbon #Funicular #Portugal pic.twitter.com/KHFvJ0mJrs
— Al Arabiya English (@AlArabiya_Eng) September 3, 2025
Бұған дейін Еуропаға жол тартып бара жатқан кемеде шамамен 70 адам сиқыр жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript