Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеу маңында Sukhoi Superjet ұшағы апатқа ұшырады. Үш адам қаза тапты

Ұшақ апаты, Sukhoi Superjet, Ресей, Мәскеу маңы , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 18:58 Сурет: pixabay
РФ ТЖМ 12 шілдеде Sukhoi Superjet 100 ұшағының апатқа ұшырағанын, экипаждың үш мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz.
"Қала маңында Sukhoi Superjet 100 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ орманды алқапқа құлады. Ұшақта үш экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпарат бойынша олардың барлығы қаза тапты", делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, азаматтық тұлғалар арасында құрбандар жоқ екені нақтыланады.

Жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлағандай, қозғалтқыштың істен шығуы ұшақтың апатқа ұшырауына түрткі болуы мүмкін. Алдын ала мәліметтер бойынша, Sukhoi Superjet ұшағы жоспарлы жөндеуден кейін сынақ рейсі кезінде Мәскеу облысына құлаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: