Таиландта трансгендерлер туристке пышақпен шабуыл жасады
Сурет: pixabay
Bangkok Post басылымының мәліметінше, Нонг Пру ауданында саяхатшы өз пәтеріне екі әйелді шақырған. Алайда оның есігін төрт трансгендер әйел қаққан және олар өз қызметтерін ұсынған. Турист бас тартқаннан кейін олар әрқайсысына 10 мың тай бат (167 мың теңгеден астам) төлемейінше бөлмеден кетпейтінін айтқан. Жалпы сомасы 40 мың батты (689 мың теңгеден астам) құраған болар еді.
Қақтығыс нәтижесінде трансгендерлер ер адамға пышақпен шабуылдап, оның басына ауыр жарақаттар салған. Ер адам қашып шығып, кондоминиум қызметкерлерінен көмек сұрай алған. Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қаскөйлер полиция келгенге дейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бақылау камераларын тексеріп, күдіктілерді анықтап, ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Тайванда турист қыз хомяктарды әжетханаға ағызып жібергені үшін түрмеге қамалып, ірі айыппұл төлеуі мүмкін екенін жазғанбыз.