Курорттық жағажайда акула қызды өлтіріп, жігітті жарақаттады

2025 жылдың 27 қарашасында Австралиядағы Крауди шығанағына қарасты Кайлис жағажайында үлкен бұқа-акула Еуропадан келген 20 жастағы екі туристке шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 16:56 Сурет: wikimedia
2025 жылдың 27 қарашасында Австралиядағы Крауди шығанағына қарасты Кайлис жағажайында үлкен бұқа-акула Еуропадан келген 20 жастағы екі туристке шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жігіт ауыр жараланды. Куәгердің жедел әрекеті оның өмірін аман сақтап қалды: ол жігіттің аяғына қолдан жасалған жгут қойып, парамедиктер мен құтқарушы тікұшақ келгенше қан кетуді тоқтатуға көмектескен. Зардап шеккен жігіттің жағдайы – тұрақты ауыр.

Маккуори университетінің теңіз экологиясы профессоры Роб Харкорт оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бұқа-акулалардың жағалауға жақын әрі жылы суларда жиі кездесетінін айтты. Оның сөзінше, бұл түр әдетте бірден екі адамға шабуыл жасамайды, бірақ жемтігін аңду кезінде басқа жануарларды үркіту мақсатында агрессивті әрекет көрсетуі мүмкін. Бұл туралы The Guardian жазады.

Оқиғадан кейін жағажайда акуланы ұстауға көмектесуі мүмкін бес "ақылды" қармақ желісі орнатылды.

Австралия музейінің мәліметінше, "бұқа-акула — адамдар үшін қауіп төндіретін сирек акулалар түрінің бірі".

Бұл қайғылы жағдай осыдан үш айға жетпейтін уақыт бұрын, қыркүйек айының басында Сиднейдің Лонг-Риф жағажайында Меркьюри Псиллакистің 3,5 метрлік үлкен ақ акуладан қаза табуынан кейін тіркеліп отыр.

Биыл Австралияда акулалардың шабуылынан бес өлім жағдайы анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: