Америкалық екі айлық ұлын аштан өлтірді

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 12:41 Фото: pexels
40 жастағы америкалық Кристофер Мэтьюз екі айлық баласын әдейі тамақтандырмай, аштан өлтірген. Ол жасаған қылмысын полицияға өзі мойындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mirror басылымының мәліметінше, ер адам баласын тамақтандыруға "міндетті емес" деп есептеген. Ата-анасы сәбиді перзентханадан шыққаннан кейін екі ай бойы бірде-бір рет дәрігерге апармаған. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, қатты әлсіреген нәрестені аман алып қалу мүмкін болмады.

Басылым дерегінше, баланың анасы — Ширли Мэтьюз де сәбиін тамақтандырудан бас тартқан. Ол да дәл осындай айып бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Судья Аманда Бэксли үкімді жариялау кезінде қылмыс жасалған сәтте қолданыста болған заңнама бұдан да қатаң жаза тағайындауға мүмкіндік бермегеніне өкініш білдірді. Ол Алабама штатында балаларға қатыгездік танытқандарға қатысты заңдар қатаңдатылғанын, бірақ бұл өзгерістер өткен істерге кері әсер етпейтінін атап өтті.

БАҚ бұл оқиғаның АҚШ-та балаларға жасалған қатыгездікке байланысты резонанс тудырған бірнеше істің бірі болғанын жазды.

Бұған дейін Ресейде үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: