Таиланд астанасының орталық көшесінде үлкен шұңқыр пайда болды

Тас жол, Таиланд, Банкок, шұңқыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 21:48 Сурет: pixabay
Бангкоктың орталығындағы Ваджир ауруханасының маңында жолдың бір бөлігі опырылып түсіп, салдарынан 50 метр тереңдіктегі үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bangkok Post газетінің хабарлауынша, оқыс оқиға видеоға түсіп қалған, одан асфальт төсемнің бір мезетте жер астына гүмп етіп түскенін, электр бағандарының ауада салбырап қалғанын көруге болады.  Көлік жүргізушілері дер кезінде шалт әрекет етіп, шұңқырға құламай қалады.

Үңірейген шұңқырға екі электр бағаны мен жол бойында тұрған полиция көлігі түсіп кеткені белгілі болды.

Басылым жергілікті биліктің жолдың іргелес учаскелеріндегі қозғалысты жедел реттеп, шектеу шараларын қабылдағанын атап өтеді. Медициналық мекеме науқастарды қабылдауды уақытша тоқтатып, жақын маңдағы ғимараттардан 3,5 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Алдын ала келтірілген мәліметтерге сүйенсек, аурухана ғимаратына төтенше жағдай әсер етпеген.

Жолдың ортасына түсіп кетуіне не түрткі болғаны әлі анықталған жоқ. Мамандар оқиғаға қатысты тергеу шараларын жүргізуде.

Бұған дейін Өскеменде автомобиль көпірінің бір бөлігі опырылып түскені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: