"Метеорит құлаған ба?" . Өскемен-Риддер тас жолында үлкен шұңқыр пайда болды

Шұңқыр, метеорит, Өскемен-Риддер, тас жолы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2025 11:39 Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Өскемен-Риддер тас жолында пайда болған үлкен шұңқырдың видеосы тарауда. Видеодан шұңқырды көліктер айналып өтуге мәжбүр екенін, соның салдарынан белгілі бір деңгейде кептеліс туындағанын байқауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоға пікір қалдырушылар жол жөндеу жұмыстары сапасына сын білдіріп, әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар шақырып, туризмді дамытуға ниетті өңірдегі бұл жағдайды бассыздыққа балайды.

ШҚО-дағы Өскемен – Риддер тас жолында топырақтың отырғаны белгілі болды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ШҚО-дағы филиалы аталған видеоға қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл жер төсемінің иірімі деп аталады. Жолдың осы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай иірімдерді жою жобада бар. Шұңқырлар - асфальттың жоғарғы қабатының емес, атап айтқанда төменгі қабаттының бұзылуынан туындауда. Мәселені шешу үшін мердігерлер отырған жерді толтырып, оны қайта жөндейтін болады. Ол үшін тереңдігі 1,5 метрге дейін жер қазылып, учаскелерді тас-топырақпен нығайту керек", – деді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Ол бұл жоспарда бар жұмыс екенін баса атап өтті. Сондай-ақ, келесі күні Өскемен-Алтай-Рахманов кілттері тас жолында да осындай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: