Өзбекстан президентінің мысығы жоғалып кетті
Сурет: Instagram/shahnoza_mirziyoyeva
Жуырда Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің отбасының мысығы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы президенттің қызы Шахноза Мирзиеева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Ташкент тұрғындарынан үй жануарын табуға көмектесуді сұрады.
Көп ұзамай, 13 қазанда Шахноза жақсы жаңалықпен қайта хабарлама жариялады — мысық табылды. Үй жануары бірнеше күн үйде болмағанымен, аман-есен қайта оралған.
"Барлық жанашыр адамдарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Қаншама мейірімділік, жанашырлық пен адамгершілік танытылды! Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жан жылуларыңыздың арқасында біздің жануарымыз үйге қайта оралды. Осындай сәттерде айналада нағыз жүрегі жылы, шынайы адамдар көп екенін сезінесің. Баршаңызға рахмет. Оларды қолға үйреткен біз болсақ – жауапкершілік те біздің мойында", – деп эмоцияға толы жазба қалдырды президенттің қызы.

Сурет: Instagram/shahnoza_mirziyoyeva
Бұған дейін мыңдаған палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне қарай үдере бет алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript