Қытайлық ғарышкер ғарышта тылсым дауыстар естіген
Сурет: pexels
Daily Galaxy басылымының жазуынша, 2003 жылы тарихтағы алғашқы қытайлық ғарышкер Ян Ливэй "Шэньчжоу-5" капсуласымен ұшып бара жатқан кезінде, кеменің сыртынан бірнеше рет ырғағы бірдей соққы дауысын естіген – "біреу ағаш балғамен ұрып жатқандай болды" деп сипаттаған ол.

Сурет: wikipedia
Бұл – мүмкін емес нәрсе, себебі ғарышта ауа жоқ, ал дыбыс тек ауа арқылы ғана таралады. Кейін Жерге оралғаннан кейін де бұл дыбысты қайталауға ешкімнің шамасы келмеген.
20 жылдан астам уақыт өтсе де, бұл жұмбақ шешілмеді. 2005 және 2008 жылдардағы кейінгі миссиялар кезінде басқа қытайлық ғарышкерлер де осыған ұқсас дыбысты естігендерін айтқан. Содан бері бұл "ғарыштық елес" – "Шэньчжоу" бағдарламасының аңыздарының біріне айналды.
Ғалымдар бұл құбылысты металлдың температура ауысуына байланысты кеңейіп, тарылуынан болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ Ян сипаттаған дыбыс – біркелкі және қайталанып тұрған – бұл термиялық құбылыстарға тән емес.
Сонымен қатар микрометеориттердің соғуынан немесе техникалық ақаулардан ешқандай белгі табылмаған.
Кейбір зерттеушілер бұл құбылысты ғарышкердің жалғыздық пен күйзеліс жағдайында миы елестетіп шығарған, яғни – есту иллюзиясы болуы мүмкін деп болжайды.