Қазақстанда тіркелген қытайлық бизнес айлық көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Сурет: Ақорда
1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қазақстанда тіркелген, меншік иесі қытайлық болып табылатын заңды тұлғалар/филиалдар саны 307 бірлікке артып, 7,1 мыңға жетті. Бұл 2022 жылдың қаңтарынан бастап тіркелген ең жоғары айлық өсім, яғни 3,5 жылдан кейінгі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл жолғы рекорд Қазақстанда қытайлық бизнестің кеңеюі арқылы қарқын алып келе жатқан белсенділігімен тікелей байланысты. Осында тамыр жайған компаниялардың жалпы санының өсімі төрт ай қатарынан үдеуде. Жалпы алғанда, 100 бірліктен жоғары деңгейдегі абсолютті өсім 1,5 жыл бойы сақталуда (2025 жылғы қаңтарды есепке алмағанда, ол кезде +98 бірлік болған)", деп жазады Telegram-дағы Data Hub арнасы.
Қыркүйектегі өсімді шағын ұйымдар толық қамтамасыз етті, ал санаулы ірі және орта ұйымдардың саны айдың қорытындысы бойынша еш өзгермеген.
"Бұл ретте тіркелген қарқында, негізінен, үш сала ерекше рөл атқарады: сауда-саттық (+123 бірлік), қайта өңдеу өнеркәсібі (+34) және басқа да қызметтер (+31). Олар бірге жиынтық өсімнің 2/3 бөлігін құрады. Бір қызығы, қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қытай барлық елдер арасында шалт динамиканы танытты. Тіркелген заңды тұлғалардың/филиалдардың абсолютті өсімі бойынша Қытайға Өзбекстан (+167) жақын келеді. Алайда, осыған қарамастан, жалпы рейтингте Қытай үшінші орында, ал Өзбекстан 7,4 мың тіркелген заңды тұлға/филиалмен екінші орынды сақтап тұр. Ресей болса, әлі де сөзсіз көшбасшы болып табылады. Дегенмен соңғы бір айда Ресей Федерациясының көрсеткіші 22 бірлікке, 23,1 мыңға дейін қысқарды. Бейнелеп айтқанда, елімізде 1 қазанда құрылтайшылары Қытайдан болып табылатын 5 ,3 мың заңды тұлға/филиал бар немесе олар тіркелгендердің жалпы санының 74%-ын қамтиды", делінген жазбада.
Айта кетсек, 2025 жылы 22 тамызда Цифрлық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеген болатын. Аталған келісімшарт талаптарына сәйкес, Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (ҚР Ұлттық Банктің ақша бағамы бойынша 7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript