Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ел ішінде саяхаттайтын туристер саны бойынша рекорд жаңарды

Қазақстанда ел ішінде саяхаттайтын туристер саны бойынша рекорд жаңарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 17:13 Сурет: Алматы әкімдігі
2022 жылғы көрсеткіштердің қорытындысына сай ел ішінде саяхаттайтын туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар елімізде демалыс орындарының саны бірнеше жүзге артқан. Мысалы, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген, еліміз бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Ал бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мың бірлікке артып, 203 мыңнан астам төсек-орын болды.

"Бізге шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды. Мысалы, елімізде бір жылдан астам уақыт бойы Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшақ билеттері ұсынылады. Сонымен бірге ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Біз қазірдің өзінде бар дестинациялар мен ішкі туризмге деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз", — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Осыған дейін елімізде туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірнеше құралы іске қосылған. Олардың ішінде туристік нысандарды салуға және қажет жабдықтарды сатып алуға жұмсалған бизнестің шығындарын ішінара өтеу бар. 

  1. туристік объектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне оның шығындарының 10% өтеледі.
  2. бизнесменге жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын (қонақ үйлер, жанар-жағармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері және т.б.) салғаны үшін де осы мөлшерде өтемақы қарастырылған.
  3. 8 және одан да көп орындық туристік автобустарды сатып алғаны үшін 25% мөлшерде өтемақы енгізілді.
  4. осы мөлшерде тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары да қайтарылады. Сонымен бірге санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау (айына 83 000 теңге) субсидияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: