Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар 243,5 мың адамға көбейді

адамдар саны өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 12:58 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны 19 млн 160 мың 700 адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 млн 405 мың (59,5%), ауылдықтар – 7 млн ​​755,7 мың (40,5%) адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Бұл ретте әйелдер 51,4%, ерлер 48,6% құрайды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының өсімі 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (42,1 мың адам) 15,1%-ға төмендеп, 35,7 мың адамды құрады. 1 мың халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы көрсеткіші 11,50 адамды құрады. Ұлттық статистика бюросы

АХАЖ мәліметтері бойынша 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында туғандар саны 62,8 мың адамға жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (65,7 мың адам) 4,5%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 20,20 туылған.

Бұл ретте қайтыс болғандар саны 27,1 мың адамды құрап, 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (23,7 мың адам) 14,4%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 8,70 өлімді құрайды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері екі айда бір жасқа толмаған 537 нәресте қайтыс болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (517 нәресте қайтыс болды) нәресте өлімі 3,9%-ға өсті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,55 жағдайды құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: