Қазақстан Қытайдан 100 млн юанның қайтарымсыз грантын алады

Юань, Қазақстан, Қытай, қайтарымсыз грант , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 17:43 Сурет: pxhere
Цифрлық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (ҚР Ұлттық Банктің ақша бағамы бойынша 7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады.

Мақсаты - Қазақстан Республикасына қосымша инвестициялар тарту арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін, инвестициялық ахуалын, сондай-ақ ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін арттыру.

Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.

Айта кетсек, 2025 жылы 11 тамызда Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: