Жапонияға жағалаудағы жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі төніп тұр

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 12:13 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 9 қараша күні Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүмпуден кейін билік Иватэ префектурасының жағалау аймақтарына цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша, толқындардың биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін.

Агенттік өкілі Синдзи Кёмото тұрғындарды жағалаудан кетуге және су аймағынан алшақ жүруге шақырды.


"Мұхитта жүргендердің барлығы дереу жағаға шығып, су жиегінен барынша алыстауы керек", – деді ол NHK телеарнасына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқару қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Бұған дейін Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: