АҚШ-та көршілер арасындағы жанжал баланың көзінше атысқа ұласқан

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, сигарета, курильщик, курильщики, электронные сигареты, электронная сигарета, вейп, вейпы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 10:05 Фото: unsplash
Калифорнияда 21 жастағы Логан Кахмар өз үйінде 17 жерінен оққа ұшқан күйінде табылды. Ол оқиға орнында қансырап көз жұмған. Қайғылы сәтте оның кішкентай қызы пәтердің ішінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

People журналының жазуынша, қайғылы жағдай 2023 жылдың тамыз айының соңында болған. Күдікті оқиғадан бір күн өткен соң ұсталды. Ол – жәбірленушінің 31 жастағы көршісі Сидни Кларк. Оның сөмкесінен атыс жасалған тапанша табылған.

Басылым мәліметінше, Кларк көршісімен ұзаққа созылған жанжал болғанын мойындаған. Себебі Кахмар жиі тыныштықты бұзып, ішімдік ішіп, қорлайтын сөздер айтқан. Қайғылы күні көршілер темекі шегу туралы кезекті рет дауласып, ақырында жанжал атысқа ұласқан.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 қарашада округтік сот Кларкты кінәлі деп тапты. Оған ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Бұған дейін Мәскеуде тоғаннан 7-10 жас аралығындағы баланың бөлшектелген денесі табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: