АҚШ елшілігінің атташесі Киевте қонақ үйден өлі күйінде табылды
"Страна.uа" басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, денеден зорлық-зомбылық іздері табылмағанын жазады. Ер адам Украинаға 15 маусымда келген.
"АҚШ елшілігі ұсынған медициналық көрсетілімдерге сәйкес, ер адамның ағзасында холестерин деңгейі жоғары болып, ол содан зардап шеккен", деп жазады басылым.
2024 жылғы 18 маусымда Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны белгілі болды. 2024 жылғы 19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады. Президент біздің қоғамдағы барлық қақтығыс пен келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқықтық алаңда шешілуі керектігін айтты.
БАҚ мәліметтері бойынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықовтар Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube және Telegram арналарын құрған. 2023 жылдың қазан айында оларға іздеу жарияланды. Іздестіру ісі Астанада тіркелді, ал оған ҚР ІІМ бастамашы болған. Құзырлы ведомство оның себебін былай түсіндірді: "Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады".
22 маусымда Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.