Абайсызда сахнадан құлап түскен "Әлем аруы" байқауының қатысушысы жансақтау бөлімінде жатыр

Абайсызда сахнадан құлап түскен "Әлем аруы" байқауының қатысушысы жансақтау бөлімінде жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 14:05 Сурет: Instagram/officialgabriellehenry
28 жастағы Ямайка өкілі Габриэль Генри жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы The Cut басылымы жазды.

Оқыс оқиға 19 қараша күні Таиландта өткен байқаудың алдын ала туры барысында орын алған. "Мисс Ямайка" атағының иегері Генри ұзын кешкі көйлек пен биік өкшелі туфлимен подиумда жүріп келе жатқанда, сахнаның шетін байқамай қалып, төмен құлап түскен болатын.

Бұл сәт түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде жылдам тарады.

Зардап шегушіні оқиға орнынан зембілмен алып шықты. Сол кезде ұйымдастырушылар оның ауыр жарақат алмағанын хабарлаған еді. Алайда кейін жағдайдың әлдеқайда күрделі екені анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, Габриэль кем дегенде жеті күн жансақтау бөлімінде болады.

Бұған дейін Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина қолданысқа енгізілгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: