Макронның әскерилер алдындағы сөзі Францияда талқыға түсті
Сурет: Instagram/emmanuelmacron
Француз президенті Эммануэль Макронның сөз сөйлеп тұрған сәтінде бір әскери қызметкер көпшілік көзінше сахнадан кетіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости мәліметінше, президент өз сөзінде елдің "қарсылық көрсету қабілетін арттыру" мақсатында кәсіби армияға қосымша ерікті әскери қызмет енгізу жоспары туралы айтты.
Жарияланған кадрларда Макронның артында тұрған әскери қызметкердің алаңдаулы жүзін байқауға болады. Ол терең дем алып, айналасына дүркін-дүркін көз жүгіртіп тұрған, кейіннен мүлдем сахнадан кетіп қалған.
Бұл видео желіде тарап, қолданушылар арасында мысқыл мен әзілге себеп болды.
Бұған дейін Рим папасының Түркияда болып, Сұлтан Ахмед мешітіне бас сұққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript