Шамамен –50 °C: Жердегі ең суық орын қазір қайда орналасқан

2025 жылдың желтоқсан айының басында Жердегі ең суық орын Ресей аумағында тіркелді., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 10:48 Сурет: wikimedia
2025 жылдың желтоқсан айының басында Жердегі ең суық орын Ресей аумағында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gismeteo порталының мәліметінше, бұл – соңғы күндері планетаның ең аязды нүктесіне айналған Верхоянск қаласы.


"Қазір мұнда тәулік бойы шамамен –50 °C температура сақталып тұр. Салыстыру үшін: Ресейдің Антарктидадағы "Восток" станциясында дәл қазір жазғы "жылы" – шамамен –30 °C. Верхоянскідегі суық аномалия бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Қараша айында бұл қала елдегі ең суық елдімекен болды: айдың орташа температурасы –39 °C", – деп хабарлады мамандар.

2025 жыл бойынша жалпы климаттық көрсеткіштерге сүйенсек, ең қатты аяз тіркелетін аймақ – Антарктида. Материктің ішкі бөлігіндегі орташа температура –56,7 °C. Ал жағалауда жазда максимум –25 °C-қа дейін ғана көтеріледі. 2004 жылы спутниктер Антарктидада –98,6 °C көрсеткішін тіркеген. Бұл – Жер бетіндегі абсолютті минимум.

Екінші орында – жоғарыда аталған Верхоянск пен Оймякон (Саха Республикасында). Бұл екі елдімекенде температура –67,8 °C-қа дейін төмендеген.

Үшінші орында – Канада, Юкон аумағы.

Суық елдердің тізіміне Қазақстан да енгізілген – 7-орында. 2024 жылдың ақпанында Көкпекті ауылында температура –44,5 °C-қа дейін төмендеді. Бұл – соңғы 70 жылдағы ең суық күн болды. Сондай-ақ Астана әлемдегі ең суық астаналардың бірі саналады, онда бір кездері –51,6 °C тіркелген.

Қазақстандағы ең суық орын ретінде биік тау баурайындағы Марқакөл аумағы есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: