Мәскеуде КСРО дәуірінен қалған әлемдегі жалғыз лимузин сатылымға шығарылды
Сурет: auto.ru
Кеңестік автокөлік өнеркәсібінің ең сирек үлгілерінің бірі саналатын ЗИЛ-117П лимузинінің сатылымы туралы хабарландыру 31 қаңтар күні Auto.ru сайтында жарияланды. Көлік иесі оның бағасын 30 миллион рубль деп белгілеген.
Бұл автокөліктің басты құндылығы – оның бірегейлігінде. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, "П" индексі бар бұл модель бір ғана дана болып шығарылған.

Сурет: auto.ru
Көліктің жүрген жолы – 69 мың шақырым. Капотының астында қуаты 300 ат күшіне тең, 7 литрлік V8 карбюраторлы қозғалтқыш орнатылған. Ол үш сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптасып жұмыс істейді. Жабдықталуына кондиционер, электрлі әйнек көтергіштер кіреді.

Сурет: auto.ru
Сатылымға қойылған көлікке зауыттан орнатылған арнайы дабыл жүйелері – сирена, жарқылдақ шамдар, арнайы байланыс құралдары, сондай-ақ кеңестік үлгідегі толық құжаттар қоса беріледі.

Сурет: auto.ru
Бұған дейін әуеде құстай қалықтайтын автокөлік өндірісі басталғанын жазғанбыз.