Су жаңа смартфон жарылды: 3 жасар бүлдіршін зардап шекті

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 11:47 Фото: pexels
Ресейдің Волгоград қаласында су жаңа ұялы телефон жарылып, салдарынан бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

V1.ru порталының мәліметінше, оқиға жергілікті тұрғын Марина Третьяковамен болған. Әйелдің айтуынша, қызы сыйлаған жаңа смартфон кенеттен қолында жарылған. Куәгерлердің сөзінше, құрылғыдан түк қалмаған, ал жанында тұрған бала термиялық күйік алған.

Кейін анықталғандай, жарылған гаджет – Honor компаниясының Honor 90 моделі. Ол танымал маркетплейстердің бірінен 30 мың рубльге (шамамен 192 мың теңге) сатып алынған. 21 ақпан күні құрылғы аяқ астынан ұшқын шашып, артынша бірнеше рет қатты жарылған.

"Сатып аларда сертификаттары дұрыс еді. Бірақ қазір бұл телефон да, сатушы да жоқ. Бұл модельді аларда абай болыңыздар. Кейін білдік, мұндай жағдай бірінші рет емес екен. Қасымызда үш жасар бала болды – дер кезінде итеріп үлгердім, бірақ қолы күйіп қалды. Телефон түтіндеп, ұшқын шашуын тоқтатпады, тіпті ваннаға апарып суға салғанша тағы бір рет жарылды. Түтін соншалықты көп болды, көршілер өрт болды деп ойлап, жиналып келді. Өкінішке қарай, бұл сатушыдан тағы 62 адам осы телефонды сатып алған", – дейді әйел.

Басылымның атап өтуінше, өткен жылдың қыркүйегінде Волгоградта осыған ұқсас оқиға тіркелген. Ол кезде телефон газ саласының қызметкерінің қолында жарылған. Құрылғыға хабарлама келген сәтте ер адам оны оқып үлгермей жатып жарылыс болған. Нәтижесінде телефон жарамсыз күйге түсіп, ер адам улы түтінді жұтып, күйік алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: