Қытай ядролық сынақтар жүргізді деген айыптауларды жоққа шығарды
Сурет: freepik
Қытай билігі АҚШ Мемлекеттік департаментінің соңғы жылдары ҚХР аумағында ядролық сынақтар өткізілді деген айыптауларын негізсіз деп есептейді. Бұл туралы Қытайдың қарусыздану мәселелері жөніндегі төтенше және өкілетті елшісі Шэнь Цзянь мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің жазуынша, ол Вашингтонды осындай қызмет түріне қатысты жарияланған мораторий жөніндегі өз міндеттемелерін сақтауға шақырған.
"АҚШ-тың Қытай ядролық сынақтар жүргізіп жатыр деген айыптаулары ешбір нақты дерекке сүйенбейді", – деді Шэнь Цзянь Женевада өткен Қарусыздану жөніндегі конференция сессиясында.
Оның айтуынша, Бейжің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт мақсаттары мен міндеттерін берік қолдайды. Ал АҚШ-тың Қытайға бағытталған бұл айыптаулары "америкалық тараптың өз ядролық сынақтарын қайта жандандыруына сылтау ғана" болып табылады.
Бұған дейін Үндістандағы әуе апатынан экипаж толықтай қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript