Әлемдегі жетекші әуе компаниялардың бірі Дубайға қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
Сурет: freepik
Emirates әуе компаниясы Дубайға қатынайтын барлық тұрақты рейсті 7 наурыз, сағат 23:59-ға дейін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әуе тасымалы компаниясының ресми сайтында хабарланды. Шектеулер Ирандағы шиеленісті жағдайға байланысты енгізілгені нақтыланады.
"Emirates әуе компаниясы шектеулі кесте бойынша рейстерді орындауды жалғастыруда. Біз алдын ала, бұрын рәсімделген билеттері бар жолаушыларға басым тәртіппен қызмет көрсетеміз", делінген хабарламада.
Жолаушылардан брон расталмаған жағдайда немесе әуе компаниядан хабарласпаса Дубай әуежайына келмеу сұралады. Ал ұшып келгендерге келесі рейстің қашан орындалатындығын алдын-ала нақтылау ұсынылады.
Рейстердің тоқтатылуынан шығын шеккендерге билеттерді 27 наурызға дейінгі басқа күнге қайта брондау немесе егер 12 наурызға дейін билет сатып алынған болса, ақшаны қайтару ұсынылады.
Бұған дейін Түркияның Ираннан ұшырылған баллистикалық зымыранды атып түсіргені хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript