ДДҰ хантавирустың таралуына қатысты мәлімдеме жасады

ДДҰ хантавирустың таралуына қатысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 09:32 Сурет: gov.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хантавирустың таралуы жөнінде пікір білдірді. Ұйымның Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге бұл туралы X әлеуметтік желісінде жеке түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хантавирус – адамда бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызбаны және хантавирустық кардиопульмоналдық синдромды тудыратын вирустар тобы. Инфекцияның негізгі тасымалдаушылары – кеміргіштер.

Адам вирус жұқтырған жануарлардың сілекейі мен нәжісі арқылы таралатын ұсақ бөлшектерді тыныс алу кезінде жұқтырады. Әсіресе жабық, желдетуі нашар бөлмелерде жұқтыру қаупі жоғары болады.

Gazeta.ru басылымының жазуынша, Ханс Клюген кейбір жағдайларда ауру ауыр өтуі мүмкін екенін, дегенмен вирустың адамнан адамға жұғуы қиын екенін айтқан.

"Жалпы халық үшін қауіп деңгейі төмен болып қала береді. Дүрбелеңге салынудың немесе сапарларға шектеу қоюдың қажеті жоқ", – деп жазды Клюге.

Бұған дейін MV Hondius кемесінің бортында кемінде үш адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Кеме Аргентинаның Ушуайя қаласынан Кабо-Вердеге бағыт алған. Қазір хантавирус жұқтырған бір жағдай зертханалық түрде расталды, тағы бес адам тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Австрияда балалар тағамын егеуқұйрық уымен улады деген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: