"Талибан" қыздардың үнсіздігін некеге келісім деп таныды

"Талибан" қыздардың үнсіздігін некеге келісім деп таныды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 10:36 Сурет: Х/prajavani
Ауғанстанда қыз баланың үнсіздігін некеге келісім ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңда "жыныстық жетілу жасына жеткен бойжеткен" ашық түрде қарсы болмаса, оның үнсіздігі тұрмысқа шығуға келісім бергені болып есептелетіні айтылған. Firstpost басылымының жазуынша, бұл ретте ер адамның немесе бұрын тұрмыста болған әйелдің үнсіздігі келісім ретінде танылмайды.

Сондай-ақ жаңа заң әкелер мен аталарға кәмелетке толмаған қыздарды тұрмысқа беруге құқық береді.

Ресми түрде қыз бала есейген соң мұндай некені бұзуға әрекет жасай алады. Алайда бұл тек "Талибан" сотының рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Бұған дейін Иран басшысы АҚШ-пен келіссөздер жайлы мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: