Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Zakon.kz
Қазақстанда желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтеді.
Бұл қазақстандықтар қосымша үш күн демалады деген сөз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні биыл жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні. Биылғы жылы 26 жылдығы тойланатын Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан аралығында аталып өтеді. Ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күнен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

Фото: kazrabat.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды