Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 13:22 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 5 қаңтарда, Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстан халқының саны жөніндегі жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады. Оның ішінде:

  • әйелдер – 10 468 756 адам,
  • ерлер – 10 010 123 адам.

Халықтың орналасуына қарай:

  • қалалық тұрғындар – 13 013 064 адам,
  • ауылдық тұрғындар – 7 465 815 адам.

Ал 2025 жылдың басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. Осылайша, 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан. Оның ішінде:

  • табиғи өсім есебінен – 181 699 адам,
  • көші-қон есебінен – 13 781 адам.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халық саны ең көп 7 өңір мыналар:

  • Алматы қаласы – 2 345 012 адам
  • Түркістан облысы – 2 148 168 адам
  • Астана қаласы – 1 630 640 адам
  • Алматы облысы – 1 592 652 адам
  • Шымкент қаласы – 1 291 011 адам
  • Жамбыл облысы – 1 215 892 адам
  • Қарағанды облысы – 1 131 438 адам

Ал, халқы ең аз үш облыс:

  • Ұлытау облысы – 219 200 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам
  • Абай облысы – 596 000 адам

Сурет: stat.gov.kz

Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райы қандай болатындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: