Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

Тек Батыс Қазақстан және Солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.

Фото: 6 Қараша 2017, , 09:21
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, - деп хабарлайды Zakon.kz "Казгидрометке"сілтеме жасап. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады деп күтіледі. Фото: wallpapers.ru

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ