"Қазақтарды иттей қыру керек" деп жазған өзбек азаматы сотталды

Өзбекстан Республикасының 47 жастағы азаматы енді алдағы 3,5 жылын түрмеде өткізеді.

Фото: 7 Қараша 2017, , 14:36
Астана соты қала аялдамаларының біріне ұлтаралық араздықты қоздыратын жазба жазған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Sn.kz. Өзбекстан Республикасының 47 жастағы азаматы енді алдағы 3,5 жылын түрмеде өткізіп, мәжбүрлі түрде араққұмарлықтан емделетін болады. Бүгінгі сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. "Сот анықтағандай, сотталушы Гайсин Жеңіс көшесіндегі аялдамадағы автобустардың кестесі көрсетілген баннерге өз қолымен "Қазақтарды иттей қыру керек" деп жазған. Осылайша ол қасақана ұлтаралық араздықты тудыруға бағытталған әрекетке барған", - деді үкімді оқыған судья. Айта кетейік, 47 жастағы өзбек азаматы Астанада 2004 жылдан бері тұрып келеді. Ол осында жұмыс істеп, соңғы уақытта жұмыссыздықтан ішкілікке салынғанын айтқан. Фото: Sn.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ