Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

Zakon.kz
Сонымен қатар ЭКСПО аумағында мұз айдыны мен мұз қалашығы болады.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев пресс-конференцияда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы қай жерге орналасатынын айтты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды. Мұз айдыны да сол жерде болады. Барлығы біздің негізгі нысанымыз болып табылатын "Нұр Әлем" сферасының қасында орналасады. Шыршамен бірге, бұрын "Хан шатыр" сауда орталығының жанында орналасқан мұз қалашығы да сол жерге көшіріледі. Бұның бәрін Астана әкімшілігімен бірігіп істейміз" - деді ол.

Оның айтуынша, мұз айдынының ашылу салтанаты 11 қарашаға жоспарланған, ал мұз қалашығы келесі айдың басында ашылады.

Фото: Zakon.kz.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды