Қазақстандық көкпаршы-бапкерлер Америкаға барып ковбойларға көкпар үйретеді

Елімізде көкпаршыларды дайындайтын бапкерлер ковбойларға көкпар ойынын үйрету үшін келесі жылы Америкаға аттанады.

Фото: 8 Қараша 2017, , 11:13
Бұл жөнінде ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады. «Қазіргі уақытта бұл шаруа шешілу үстінде. Көкпар өнеріне баулитын бапкерлерді Америкаға жіберу жоспарда бар. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына хат жазып, өз елдеріне «көкпардан бапкерлерді жіберсеңіздер, біз көкпарды үйренсек» деп өтініш білдіріп отыр. Соған байланысты көкпардан азаматтардан кім барады, қалай барады, сапардың форматы қандай болады деген сұрақтар нақтылану үстінде», - деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен. Бапкерлердің алыс құрлыққа сапары 2018 жылға жоспарланып отыр. Еске сала кетсек, Халықаралық «Экспо-2017» көрмесі аясында Астана қаласында биылғы жылдың 20-28 тамызында көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты өткен болатын. «Қазанат» ипподромында өткен көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңген еді. Айтулы додаға әлемнің 11 елінен команда қатысқан. Құрама капитаны Крид Гарник бастаған америкалық ковбойлар да әлем чемпионатына бірінші рет бақтарын сынаған болатын. Фото: inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ