56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

Әйелдің егде жасына байланысты жүктілігі ауыр болған.

Фото: 8 Қараша 2017, , 17:56
Анталия қаласының тұрғыны Гюллюшен Гюзель алғаш рет 56 жасында ана атанды, - деп жазады Stan.kz. Гюллюшен Гюзельдің күйеуі 58 жаста. Ерлі-зайыптылар егіз баланың ата-анасы атанды. Әйелдің егде жасына байланысты жүктілігі ауыр болған. Қысымы көтеріліп, үнемі ауруханада дәрігердің қарауында болды. Ақырында жүктіліктің 34 апталығында кесір тілігі арқылы егіз сәби дүниеге келді. Оларға Шукрие Фатманур және Биляль Вейсел есімі берілді. Анасы сәбилерімен бірге 40 күн өткен соң перзентханадан шығарылды. Фото: stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ