Ертіс ауданында өзеннен балықшының денесі табылды

64 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған.

Фото: 9 Қараша 2017, , 11:25
Ертіс ауданының Ертіс ауылында балық аулап отырған азамат суға батып кетіп көз жұмған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Марал Сағынаева айтты.
- Оқиға кеше сағат 23.12-де орын алды. Куәгерлер марқұмның денесін сағат 21.00-ден судан алып шыққан. 64 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған. Төтеншеліктер тарапынан айтылатын ескертуге қарамастан тұрғындар өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, осындай қатерлі қадамға барады, - дейді Марал Сағынаева.
Мамандардың айтуынша, кейде суайдынының ашық жерлеріндегі мұздың қалыңдығы 10 см., ал қардың астында 3 см. болады. Дегенмен ереже бойынша мұздың қалыңдығы 10-12 см-ден кем болмағанда ғана мұздың үстінде жүруге болады. Тегіс қардың бетіндегі қара дақ - мұздың әлі қатпағандығының белгісі. Айта кетерлігі, бұл биылғы жылы балық аулау барысында тіркелген алғашқы қайғылы оқиға. Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ