Instagram көптен күткен мүмкіндікті іске қосты

Бұдан былай желідегілер “инста-сториға” ескі фото-суреттер мен видеоларды қалауынша жариялай алатын болды.

Фото: 9 Қараша 2017, , 14:53
Instagram желісі қолданушылар көптен күткен мүмкіндікті іске қосты. Бұл туралы шетелдік The Vergе басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Бұған дейін желі қолданушылары “инста-сториға” тек 1 тәулік ішінде түсірілген фото мен видеоларды жүктей алатын. Бұдан былай желідегілер ескі фото-суреттер мен видеоларды қалауынша жариялай алады. Авторлар шектеу қою арқылы желіге тек өзекті әрі жаңа нәрселер жүктелсе деп ниеттенген. Алайда пысық қолданушылар ескі суреттерді өңдеп, басынан сақтап отырған. Сондықтан да Instagram әкімшілігі шектеуді алып тастауға бел буды. Әкімшілік блогында жарияланған мәліметке сәйкес, жаңа мүмкіндік қазірдің өзінде ОС Android пен iOS қолданушыларына қолжетімді. Фото: stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ